Тұрғын үй-жайды (пәтерді), тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау төлемінің мөлшерін белгілеу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 3/562 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» № 1292 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді), тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) күтіп-ұстау төлемі айына тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метріне 25 теңге болып, сондай-ақ Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсететін коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында өндірістік қызметті жүзеге асыратын тұрғын үй-жайларына заңнамамен белгіленген тәртіппен белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған тұрғын үй-жайды (пәтерді) күтіп ұстау шығыстарында ескерілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізбесі бекітілсін. 3. Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін. 5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/842 қаулысымен бекітілді
Тұрғын үй-жайды (пәтерді) күтіп-ұстау шығыстарында ескерілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|