Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Резидент табысынан төлем көзінен ұсталатын корпорациялық салығы бойынша есебіне (101.04-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Резидент еместің кірісіне салынатын төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және резидент еместің кірісіне салынатын, төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомалары мен шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған Резидент еместердің кірістеріне салынатын төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 196-бабына сәйкес салық агентi жасайды. 2. Есеп осы Есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Есепке қосымша Есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, Есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 9. Соманың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|