Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (110.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі - Еңгізу туралы заңы), сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармақтарына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа немесе өнімді бөлу туралы келісім-шартқа (жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. Декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар, Салық кодексінің 308-1-бабының 1- тармағында көрсетілген, осындай келісім-шарт жасалған кездегі қолданыста болған салық заңнамасының нормаларының және келісім-шартта айқындалған салық режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, толтыруды жүзеге асырады. Салық кодексінің нормаларына жасалынған осы төмендегі көрсетілген Тәртіптегі сілтемелер 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің аясынды келтірілген. 2. Декларация Декларацияның өзінен (110.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (110.01-ден 110.33-ға дейінгі нысандар) тұрады. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|