Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша есебіне (121.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Корпорациялық табыс сомасының салық есептілігін (есебін) жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) күшіне Енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістерді, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын орналастырудан кірістерді мәлімдеуіне және ай қорытындысы бойынша Енгізу туралы Заңның 23-бабының 4-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескерумен Енгізу туралы Заңының 23-бабына сәйкес қызмет атқаратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 2. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Осы Ережелерде: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» -тең арифметикалық белгілері қолданылады. 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, бас таспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|