Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (130.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау (2011.14.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2011.14.04. № 188 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара) 1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс алығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: акционерлік қоғамдарды, мекемелер мен пәтер (үй-жайлар) иелерінің тұтыну кооперативтерінен басқа, Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабының 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдар; Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 135-1-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабының 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін білім берудің автономдық ұйымдар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (130-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (130.01-ден 130.03-ке дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|