Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Акциз бойынша декларацияға (400.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Акциз бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және акциз сомаларын есептеуге арналған Акциз бойынша салық есептілігін (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны акциз төлеушілер Салық кодексінің 38-тарауына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы заң) 21-бабына сәйкес толтырады. Орналасқан орны бойынша салық органында тіркелген салық салуға байланысты объектісі бар акциз төлеуші, дизель отыны мен бензин (авиациялықты қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын төлеушілерді қоспағанда Акциз бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер үшін есепті қоса бермей-ақ табыс етеді. 2. Декларация Декларацияның өзінен (400.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01-400.08 нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|