Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға (320.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8-9-бөлімдеріне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) 11-1, 11-2, 21, 49, 49-1-баптарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан тауарлардың импорттаған кезде қосылған құн салығы және акциздер бойынша салық міндеттемелерін есептеуге арналған импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (320.00-нысан), қосылған құн салығы және акциздер бойынша салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (320.01-тен 320.13-нысандар бойынша) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|