Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (150.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі), сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды; тек қана кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіруді, сондай-ақ барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысын және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (150.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (150.01-ден 150.19-ға дейінгі нысандар) тұрады; 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді; 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда толтырылмайды. 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 8. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 9. Сомалардың теріс мәндері Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|