|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: «10-1-бап. Әкімшілік преюдиция Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.»; 2) 39-баптың бірінші бөлігінің ж) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «ж) абақтыда ұстау;»; 3) 40-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жазалаудың негiзгi түрi ретiнде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейi жалтарған жағдайда, ол осы Кодекстiң 42, 43-баптарында көзделген қағидалар сақтала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш еселенген мөлшерiне сәйкес келетін айыппұл сомасының орнына тиiсiнше бiр ай түзеу жұмыстарына немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тарту есебімен қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен ауыстырылады.»; 4) 41-баптың төртінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «қамауға алуға немесе» деген сөздер алып тасталсын; 5) 42-баптың екінші бөлігінде: екінші сөйлемдегі «46,» деген цифрлар және «, қамауға алумен» деген сөздер алып тасталсын; үшінші сөйлемдегі «, қамауға алудың» деген сөздер алып тасталсын; 6) 43-баптың төртінші бөлігіндегі «, қамауға алу» деген сөздер алып тасталсын; 7) 45-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының бірінші сөйлеміндегі «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; 8) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын: «46-бап. Абақтыда ұстау 1. Абақтыда ұстау сотталған әскери қызметшіні тағайындалған жазаның барлық мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді. 2. Абақтыда ұстау бір айдан үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.»; 9) 53-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын: «5. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің адамды кінәлі деп тануға негіз болған бабының санкциясында, осы баптың бірінші бөлігінің д) тармағында көзделген жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. 6. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген істер бойынша, жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс.»; 10) 54-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы р) тармағымен толықтырылсын: «р) құқық қорғау органы қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыс жасауы.»; бірінші бөліктің а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «а) абақтыда ұстаудың бір күні;»; екінші бөліктегі «қамаумен,» деген сөз алып тасталсын; 12) 62-баптың бірінші, үшінші және 3-1-бөліктеріндегі «қамаудың», «қамау» деген сөздер тиісінше «абақтыда ұстаудың», «абақтыда ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөлік «кезінде» деген сөзден кейін «шектеулердің және» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның тәртібін бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай тұрақты мекен-жайын, жұмысын, оқуын өзгертпеуді, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе ВИЧ/ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктеуі мүмкін. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді орындауды жүктеуі мүмкін.»; тақырыптағы «Жәбiрленушiмен татуласуына» деген сөздер «Татуласуға» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Қылмыс қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірген жағдайларда осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянның орнын толтырған болса, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Осы баптың ережелері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.»; 15) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескiру мерзімі тоқтатылмаса және мынадай мерзімдер: а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он жыл; б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл; в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл; г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс.»; тақырыптағы «әйелдердің жазаны» деген сөздер «әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктегі «сотталған әйелдердің» және «жас балалары бар әйелдердің» деген сөздер тиісінше «сотталған әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің» және «жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «сотталған әйел», «әйелді», «сотталушы әйелді» деген сөздер тиісінше «сотталған адам», «адамды», «сотталған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «сотталған әйелдің», «сотталған әйелді» деген сөздер тиісінше «сотталған адамның», «сотталған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «сотталған әйел» деген сөздер «сотталған адам» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 73-баптың төртінші бөлігіндегі «Қамауға» деген сөз «Абақтыда ұстауға» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік «жағдайда» деген сөзден кейін «, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп отырған не өтеген адамға» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөлікте: бірінші сөйлем «ауыстырылуы» деген сөзден кейін «, не мұндай адам жазаның қосымша түрінен босатылуы» деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлем «өтеген» деген сөзден кейін «немесе оны одан әрі өтеуден босатылған» деген сөздермен толықтырылсын; 19) 77-баптың үшінші бөлігінің б) тармағындағы «қамау» деген сөз «абақтыда ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 79-баптың жетінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.»; 21) 98-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «немесе алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; 22) 103-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын; 25) 107-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер «айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге,» деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 108-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл төлеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылға» деген сөздер «екі жылға» деген сөздермен ауыстырылып, «, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; төртінші бөліктің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылып, «, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; 28) 112-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бір айдан үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер «бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның үш айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер «айыппұл салуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «, не екi айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер «не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) 114-1-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан «айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не» деген сөздермен толықтырылсын; 31) 115-баптың екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 32) 116-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацында: «немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын; «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын; «не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөлікте: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тиiстi бейіндегі жоғары медициналық білімi жоқ адамның аборт жасауы не тиiстi бейіндегі жоғары медициналық білімi бар адамның бiрнеше рет заңсыз аборт жасауы, -»; екінші абзацта: «, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; «үш жылға дейiнгi» деген сөздер «дәл сол» деген сөздермен ауыстырылсын; 34) 118-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацында: «немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын; «не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер «не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 36) 122-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «немесе алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; 37) 123-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 38) 126-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 39) 127-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацындағы «, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе» деген сөз «не» деген сөзбен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; 42) 135-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi» деген сөздер «дәл сол» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға сот шешiмi бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда,- »; екінші абзацтағы «, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.»; 46) мынадай мазмұндағы 141-1-баппен толықтырылсын: «141-1-бап. Қинау 1. Тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның, немесе өзге лауазымды адамның не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісімімен басқа адамның, не олардың білуімен қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi, - айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекет: а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен; б) бiрнеше рет; в) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiре отырып; г) кiнәлi адам жүктi әйелге қатысты көрiнеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Дәл сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соқса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Лауазымды адамдардың заңды iс-әрекетi нәтижесiнде келтiрiлген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.»; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; 48) 143-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; 49) 144-бап мынадай редакцияда жазылсын: «144-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету 1. Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екенi туралы мәлiметтердi хабарлау арқылы пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтерді жария етуi - айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады. 2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде» және «не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; 51) 146-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; 52) 149 және 150-баптар алып тасталсын; бірінші абзацтағы «араласуы» деген сөзден кейін «, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «немесе орташа ауыртпалықтағы» деген сөздер алып тасталсын; екінші абзацта: «немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» деген сөздер алып тасталсын; «бостандығынан айыруға» деген сөздер «бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 55) 164-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде» және «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе» деген сөздер алып тасталсын; «бас бостандығынан» деген сөздердің алдынан «бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе» деген сөздер алып тасталсын; «бас бостандығынан» деген сөздердің алдынан «бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға,» деген сөздер «не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацында: «не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға,» деген сөздер алып тасталсын; «бас бостандығынан» деген сөздердің алдынан «бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «не екi айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға,» деген сөздер алып тасталсын; «бас бостандығынан» деген сөздердің алдынан «бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi» деген сөздер «дәл сол» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 59) 176-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында: «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; «үш жылға дейiнгi мерзiмге» деген сөздерден кейін «бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын; 60) 177-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 63) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын: «182-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру 1. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiруді: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша жасауы; б) бiрнеше рет; в) қызмет бабын пайдаланып жасау - төрт жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекет: а) ұйымдасқан топпен жасалғанда; б) iрi залал келтiргенде - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 64) 183-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер «екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 65) 184-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға» деген сөздер «бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |