Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Мәслихаттың «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3744 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы мына редакцияда жазылсын: «1. Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 82157731,7 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 4996280,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 54971,0 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 77106480,7 мың теңге; 2) шығындар - 82051431,9 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 821134,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 1329569,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 508435,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 507751,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 507751,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -1222585,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1222585,2 мың теңге.»; көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын: «4-1. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін: республикалық бюджетке 243810,3 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 159635,2 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалар бюджеттерінен 84175,1 мың теңге сомасында; аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 6143,6 мың теңге сомасында. Аудандар мен қалалар бюджеттерінен нысаналы трансферттерді қайтарудың көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімі Қостанай облысы әкімдігі қаулысының негізінде белгіленеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|