Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы
Осы редакция 2008 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, мына өкілдердің: өтініш субъектісінің - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Б. Косаревтің, Республика Әділет министрлігінің - әділет вице-министрі Н.В. Белоруковтың, Республика Сыртқы істер министрлігінің - халықаралық-құқық департаментінің халықаралық шарттар бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Қ. Кинжебаеваның, халықаралық-құқық департаменті халықаралық-құқық проблемалары бөлімінің референті Н.Ш. Мұқаевтің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру жөніндегі өтініштерін қарады. Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар - Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев пен Қ.Ә. Омархановтың және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2001 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасына ресми түсіндірме беру жөніндегі екі өтініші келіп түсті. Өтініш беруге, Республика Үкіметі «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекіту туралы» және «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Алтыншы қосымша хаттаманы бекіту туралы» заңдардың жобасын, сондай-ақ «Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына түзету құжаттарын бекіту туралы» заңның жобасын Республика Парламенті Мәжілісіне қарауға енгізуі себеп болған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|