Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) оқу орындары басшыларының назарына мамандықтар бойынша бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын жеткізсін. 3. Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының басшылары: 1) қабылдау және білім алушылар қатарына қабылдауды Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіндегі белгіленген мерзімде жүргізсін; 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау қорытындылары туралы ақпаратты 2009 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынсын. 4. Қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ. Бөрібековке жүктелсін.
Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|