Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде: 3-тармақта: 3) тармақшаның екінші абзацы «растаған» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын; 16) тармақшаның екінші абзацы «13)» және «16-2)» деген сандардан кейін тиісінше «, 13-1)» және «, 16-3)» деген сандармен толықтырылсын; 4-тармақ «негіздемесін» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) бірінші санат - жоғары білімі мен тиісті қызмет саласындағы ұқсас лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар бірінші басшыларды, олардың орынбасарларын, қаржы және техникалық директорларды, сондай-ақ бас: инженерлерді, конструкторларды, технологтарды, энергетиктерді, металлургтерді, сәулетшілерді, геологтарды, геофизиктерді тартуға;»; 10-тармақтың 4) тармақшасындағы, 12-тармақтың 6) тармақшасындағы, 18-тармақтағы «халықаралық шарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдар тартатын шетелдік қызметкерлерді, оның ішінде технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмыстарды атқаратын мердігерлерді;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|