Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 қазандағы № 455 бұйрығымен мақұлданды
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Чех Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Чех Республикасы Үкіметінің арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді орындау мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Анықтамалар
Осы Хаттаманы іске асыру мақсатында: 1. «Сұрау салушы Тарап» Келісімге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе транзит туралы қолдаухат жіберетін құзыретті органды білдіреді; 2. «Сұрау салынатын Тарап» Келісімге сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе транзит туралы қолдаухат жіберілген құзыретті органды білдіреді. 3. «Үшінші мемлекеттің азаматы» - Келісуші Тараптар мемлекеттерінен өзге азаматтыққа ие болған адам; 4. «Азаматтығы жоқ адам» - ешқандай азаматтығы жоқ адам.
Өз азаматтарын реадмиссиялау
Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы Келісімнің 2-бабының 1-тармағына сәйкес: 1) Осы Келісімге 1-қосымшада санамаланған кез келген құжаттармен олардың әрекет ету мерзімі өтіп кетсе де дәлелденуі мүмкін. Егер осындай құжаттар ұсынылса, онда Сұрау салынатын тарап одан әрі тексерусіз азаматтықты таниды. Азаматтықтың дәлелі жасанды немесе бұрмаланған құжаттардың негізінде анықтала алмайды; 2) Осы Хаттамаға 2-қосымшада санамаланған кез келген құжаттардың негізінде олардың әрекет ету мерзімі өтіп кетсе де анықталуы мүмкін. Егер осындай құжаттар ұсынылатын болса, онда Сұрау салынатын Тарап егер оны керісінше дәлелдей алмайтын болса азаматтық анықталған болып есептеледі. Азаматтықты дәлелдеу жалған немесе бұрмаланған құжаттардың негізінде анықтала алмайды.
Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау
1. Келісімнің 3-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздердің бар болуы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|