Қазақстан Республикасында жоғарғы және жоғары деңгейлердегі жұмыс сапарларын дайындау және өткізу туралы
2011 жылғы 29 қаңтар - 4 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасына Мемлекет басшысы шақырған Әзірбайжан Республикасының, Түрікменстанның, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Біріккен Араб Әмірліктерінің делегациялары (бұдан әрі - делегациялар) басшыларының жұмыс сапарларын Астана мен Алматы қалаларында дайындау және өткізу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегациялардың Астана мен Алматы қалаларына жұмыс сапарларын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) делегациялардың басшылары мен мүшелеріне «1+5» форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарларды өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегациялардың Астана мен Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді және арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, делегациялардың Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және олардан ұшып шығуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|