Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 және 2008 жылғы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысында: көрсетілген бекітілген «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 4-тармақта: «Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН)» деген сөздер «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН)» деген сөздермен ауыстырылсын; «ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері жөніндегі өнім сыныптауышы (ЭҚТ ӨС)» деген сөздер «ҚР МЖ 04-2008 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы (ЭҚТ ӨС)» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бөлім алынып тасталсын; Техникалық регламентке 1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Техникалық регламентке 6-қосымша алынып тасталсын; 2) «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 2-тармақта: «Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН)» деген сөздер «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН)» деген сөздермен ауыстырылсын; «ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызметінің түрлері жөніндегі өнім жіктемесі (ЭҚТ ӨЖ)» деген сөздер «ҚР МЖ 04-2008 Экономикалық қызметінің түрлері бойынша өнім жіктемесі (ЭҚТ ӨЖ)» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бөлім алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|