«Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы (2010.18.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысымен бекітілген
«Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне, оларды өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады: 1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген ағаш конструкциялары; 2) ағаш конструкцияларын өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестері (тіршілік циклдері). 2. Ағаш конструкцияларын сәйкестендіру Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) кодтары мен ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызметінің түрлері жөніндегі өнім жіктемесі (ЭҚТ ӨЖ) бойынша, таңбалануы мен ілеспе құжаттары бойынша, конструкциялардың бүйірлік беттері қабаттарының (ламельдерінің) болуы бойынша және/немесе олардың беттерінде желімдік аралық қабаттардың (қосылыстарының) болуы бойынша, сондай-ақ жиынтығында оларды тану үшін жеткілікті болатын өзге де белгілер, өлшемдер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша соларға сәйкес келетін кодтарды пайдалану жолымен жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|