|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 36 бұйрығымен келісілген
Мұнай және газ ұңғымалары сағасы үстіндегі қоршаулы колоннаны дәнекерлеу кезінде
Мазмұны
2. Қоршаулы құбырларды дәнекерлеу
1. Ұңғымаларды оларда сағасы үстіндегі қоршаулы колоннаны дәнекерлеу бойынша жұмыстарды жүргізуге дайындауды наряд-рұқсат бойынша жауапты тұлға басшылығымен бұрғылау бригадасы жүргізеді. 2. Дәнекерлеу жұмыстары басталар алдында соңғы жуу кезінде ұңғымаға айдалатын және ұңғымадан шығатын жуу сұйығының өлшемдерінің геологиялық нарядқа (бұдан әрі - ГТН) сәйкестігі, сондай-ақ онда мұнай мен газдың болуы тексеріледі. Егер үлесті салмақтың азайған немесе басқа мұнай газ өтулерінің басқа белгілері табылған жағдайда ұңғыма таза айдау сұйығымен жуылады және оның өлшемдерін ГТН талап етілетін өлшемге жеткізіледі. 3. Дәнекерлеу жұмыстары басталардан бұрын ұңғыма сағасы алдындағы ауада мұнай газының (метан) болуы төменгі тұтану (0,25 % айн.), деңгейінен 5 %, ал мұнай буы - санитарлық норма бойынша 300 мг/м3 барынша шекті рұқсат берілетін (бұдан әрі - БШРБ), ал күкіртті сутегі болғанда 3 мг/м3 аспайды. Ауа сынамасы колоннаның ішкі ашық соңынан және ротор үстелінің жел жағынан алынады. Газдаң болуы УГ-2тасымалдау аспабымен талданады. Сынаманы бұл жұмыстарды жүргізуге бөлінген адамдар алады. Талдау деректері арнайы журналға жазылады. 4. Бұрғылау қондырғысында жұмыс алаңы, ротор үстелі өрт және жарылыс қауіпті өнімдерден (майлау майы, отын және сол секілділер) тазаланған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|