Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 34 бұйрығымен келісілген
Ұңғымаларды роторлы және турбиналық тәсілмен жүргізу кезіндегі
1. Ұңғымаларды жүргізу бойынша жұмыстарды бастар алдында: бұрғылау, шамдал, ротор және басқалар едендерін тазалау; жұмысқа қажеті жоқ, жұмыскерлер қозғалысына бөгет жасайтын барлық аспаптар мен жабдықтарды алып тастау; роторды кішірек айналыммен сынама айналдыруымен вертлюг айналысының жеңілділігін тексеру; ротор монтажының дұрыстығын тексеру, ротордың негізгі дұрыс бекітілуінің сенімділігін және оның жұмыс қабілеттілігін тексеру; бұрғылау жүкшығырының, ротордың, бұрғы сорғылардың және басқа жабдықтың жылжымалы бөліктеріне қолжетімділікті жан-жақтан сенімді бекітетін қоршаулардың болуы мен бекітілуін тексеру; бақылау-өлшеу аспаптарының ақаусыздығын, салмақ индикаторының тарировты кестесінің болуын тексеру; жоғарыдағы жұмыскердің бұрғылаушы пультінің сорғылық дабылдамасының ақаусыздығын тексеру. 2. Жоғарыдан әр түрлі заттардың құлау қауіптілігін болдырмау үшін ұңғыманы бұрғылаудан бұрын бұрғылаушы (жоғарғы жұмыскер) көмекшісі: кронблок алаңы мен кронблок жағдайын, сатылар мен қоршауларды, мұнаралар мен басқаларды қарап тексеруі; жоғарғы жұмыс балконынан, сатылар мен өту алаңдарынан бөгде заттарды алып тастауы, ал жұмысқа қажеттілерін бекітуі қажет. 3. Кронблокты, тальды блокты, ілмекті, вертлюкті тексеру кезінде олардың бөлшектерінің бекітілуіне ерекше назар аударылуы қажет. Жабдықтың бұрандалы қосылыстары контрсомындармен бекітіледі және сіргеленеді. 4. Сағасында превентормен жабдықталған ұңғымаларды бұрғылау алдында штурвал мен превентор тартпаларына жол ашық және жеңіл қолжетімді екендігіне, ал түнгі уақытта жарықтандырылғанына (жарықтандырылу 25 лк кем емес) көз жеткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|