Азаматтық заңнаманың негізгі бастаулары өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігіне,
Жеке кәсіпкер Б. қалааралық жол көліктері бағытына қатысты тендерлік конкурстың № 9 лотына қатысушылардың ұсыныстарын тексеру нәтижелерін заңсыз деп тану, өзін конкурстың жеңімпазы деп танып, екіжақты шарт жасауға міндеттеу туралы «Қарағанды облысы жолаушы көліктері мен автокөліктер жолының басқармасы» Мемлекеттік басқармасына (бұдан әрі - Жол-көлік басқармасы) қарсы сотқа талап арыз берген. Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 16 қарашадағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып: конкурстық комиссияның 2009 жылғы 7 қыркүйектегі отырысының № 6 хаттамасы бойынша облыс ішіндегі, қалааралық жол көліктері бағытына қатысты конкурстың № 9 лотына қатысушы Б.-ның конкурстық ұсыныстарын жарамсыз деп таныған шешімін заңсыз ден тану; Жол-көлік басқармасын жол берілген заң бұзушылықты жойып, конкурс жеңімпазы Б.-мен «Теміртау-Қарағанды-Жезқазған» бағыты бойынша жол-көлік қызметін көрсету жөніндегі тиісті шарт жасауға міндеттеу; Жол-көлік басқармасынан Б.-ның пайдасына мемлекеттік баж төлеуге кеткен 3184 теңгені өндіру туралы шешім шығарған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Бас прокурор наразылығында бірінші сатыдағы соттың шешімін Б.-ны конкурс жеңімпазы деп танып, онымен шарт жасау туралы бөлігінде бұзып, талаптарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдау, шешімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдыру туралы мәселе қойған. Наразылықты қолдаған прокурордың пікірін, талапкер Б.-ның, жауапкер Жол-көлік басқармасы өкілінің пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, қадағалау сот алқасы төмендегі негіздер бойынша наразылық қанағаттандырылуға тиіс деп есептейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|