Несие беретін серіктестіктен оның қатысушысы немесе оның заңды өкілі ғана несие ала алады
С. жеке кәсіпкерлікпен шұғылдану мақсатымен 2008 жылы мамырда «Несиелік серіктестігі» ЖШС-на (бұдан әрі - ЖШС) 756 000 теңге тапсырып, ЖШС басқармасының төрағасы Т.-дан қолхат алған. 2008 жылы тамызда Т. кенеттен қайтыс болған. 2008 жылғы 31 қазанда С. ЖШС-ның жаңа басшысына аталған қолхатты ұсынып, ақшасын қайтарып беруді сұраған, бірақ оның талабы жауапсыз қалған. Осыған байланысты С. жауапкер ЖШС-нан 756 000 теңге және сот шығындарын өндіруді сұрап, сотқа талап арыз берген. Жауапкер қарсы талап арыз беріп, ЖШС-ның кассасына аталған сомада қаржы түспегенін, қолхатта ақшаның не үшін қабылданғаны анықталмағанын көрсеткен. Жаңарқа аудандық сотының шешімімен С.-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылып, ЖШС-ның қарсы талап арызы қанағаттандырылған. Қарағанды облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен аудандық соттың шешімінің күші жойылып, С.-ның талабын қанағаттандыру, оның пайдасына ЖШС-дан 756 000 теңге өндіру туралы жаңа шешім қабылданған. ЖШС-ның қарсы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. ЖШС қолхатты жарамсыз деп тану, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жою, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыру туралы Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына өтініш берген. ЖШС-ның өкілінің өтініш уәждерін қолдаған пікірін, прокурордың өтінішті қанағаттандыру туралы қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, қадағалау сот алқасы төмендегідей тұжырым жасады. АІЖК-нің 387-бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауға материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі түрде бұзылуы негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|