|
Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгенінен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпаратты жолдасын. 3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін. 4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 17-ө өкімімен бекітілген
Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі (іске асыру мерзімі: 2011 жылғы ақпан - желтоқсан)
Кесте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы туралы мақалалардың, пікірлердің, түсіндірмелердің, сұхбаттардың, сюжеттердің және теле-радио бағдарламаларының жариялану тәртібін үйлестіреді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|