Жұмыс берушінің жалдамалы жұмысшыларды алдап, заңсыз тапсырмалар бергенін сот ескермеген
Жаңақорған аудандық сотының 2009 жылғы 11 тамыздағы үкімімен, А. бұрын сотталмаған: ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған. Қызылорда облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Сот үкімі бойынша А. осы іс бойынша сотталғандар К. және И.-мен бірге алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, сенімге қиянат жасау арқылы алдап, бөтеннің мүлкін бірнеше рет, ірі мөлшерде алаяқтық жасап ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Сотталған А. өтінішінде сот қаулыларымен келіспей, алдын ала тергеу барысында және сот тергеуінде іс бір жақты, айыптау бағытында жүргізілгенін, оған тым қатаң жаза тағайындалғанын көрсетіп, өзі микрокредиттік ЖШС-де агент ретінде жұмыс жасағанын, ұйымның басшыларының айтуымен халықтан ақша жинағанын, отбасылық жағдайын, жұбайының қайтыс болғанын, төрт баланың жалғыз асыраушысы екенін ескеріп, ҚК-нің 63-бабының талаптарына сәйкес, бас бостандығынан айыруды сынақ мерзіміне ауыстыруды сұраған. Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы тараптардың пікірлерін тыңдап, қылмыстық іс материалдарын зерттеп, іс бойынша қабылданған сот қаулылары бұзылып, іс жаңадан сот қарауына жіберілуге жатады деп есептейді. Заң талаптарына сәйкес, сот үкімі заңды және негізді болуға тиіс. Заң талаптары сақтала отырып жинақталған, сот отырысында жан-жақты, толық және объективті түрде тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелермен бекітілген тұжырымдарға сүйеніп шығарылған үкім негізді болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|