«Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу ережесін және Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 95 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 102 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқық көмек көрсету комитеті туралы ереженің 16-тармағының 4 тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу ережесін және Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 95 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу ережесінде: 9-тармақтың 2) тармақшасында», сондай-ақ қызметтік құрылыстардың» деген сөздер алынып тасталсын; 10-тармақта: 21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «21) мансарда қабаты (мансарда) - қасбеті толығымен немесе жартылай еңкіс, сынық немесе қисық төбенің бетінен (беттерінен) пайда болған шатырдағы кеңістіктегі қабат;»; 22) тармақша алынып тасталсын; 14-тармақта «үшін» деген сөзден кейін «1:10000» деген сандармен толықтырылсын; 25-тармақта: 7) тармақшада «тұрғын» деген сөзден кейін «тұрғын емес» деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақшада «су құбыры» деген сөздерден кейін», аспалар» деген сөзбен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|