Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 1041 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 қыркүйекке және 1 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»; жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында: «Кіріспе» деген бөлімде: он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Стратегиялық жоспарды іске асыруды дамудың стратегиялық міндеттерін саралау және кезең-кезеңмен шешу кағидаттарында құру көзделеді. Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі тетігі болып аумақтарды дамыту бағдарламалары белгіленді.»; он төртінші бөліктегі «әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының» деген сөздер «аумақтарды дамыту бағдарламасының» деген сөздермен ауыстырылсын; «Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық мақсаттары» деген 4-бөлімде: «Орнықты экономикалық дамуды камтамасыз ету» деген 4.1-кіші бөлімде: «Астана қаласының орнықты экономикалық дамуы жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 4.1.2-тарауда: он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|