Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 және 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2011 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірлері 17 және 18-жолдар алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8-1 және 8-2-жолдармен толықтырылсын: «
». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|