«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2042-нөмірмен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 195-нөмірінде 2010 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 258 191 483 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 13 094 901 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 11 875 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 500 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 245 083 207 мың теңге; 2) шығындар - 256 151 145 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 6 793 429 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 7 503 883 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 710 454 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 081 978 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 3 081 978 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 7 835 069 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 7 835 069 мың теңге.»; 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|