Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 403 Қаулысымен күші жойылды
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі -Жарлық) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Облыстық бюджеттен, республикалык маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдагы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж,, № 38, 333-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Жарлықта айқындалған мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісім бойынша бір ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын тиісті бағыттар бойынша бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|