Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 196 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 28 мамырдағы № 47 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 89-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 196 бұйрығымен бекітілген
Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|