«Радиоэлектронды кұралдар мен жоғары жиілікті кұрылғыларды тіркеу»
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоксандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 363 қаулысымен бекітілген
«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті кұрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Радиоэлектронды кұралдар мен жоғары жиілікті кұрылғыларды тіркеу» (бұдан әрі — РЭҚ және ЖЖҚ) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Байланыс және акпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұдан әрі - инспекция) көрсетеді. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Жұмыс кестесі күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-га дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. Тұтынушының мемлекеттік қызметгі жазбаша нысанда немесе «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті кұрылғыларды тіркеу» бөліміндегі (портал мекенжайы http://surd.mci.gov.kz) рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесі арқылы алу мүмкіндігі бар. 3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы негізінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|