Тараз қаласындағы аймақтардың шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1.Тараз қаласындағы аймақтардың шекаралары 1 қосымшаға сәйкес және Тараз қаласының жер учакелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2.Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Тараз қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекараларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 11-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 1627 болып тіркелді, 2005 жылдың 23 қарашасында облыстық «Ақ жол» № 173 және «Знамя труда» № 157-158 облыстық газеттерінде жарияланған); 2) «Тараз қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекараларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 11-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 10-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 1718 болып тіркелді, 2009 жылғы 24 қаңтарда облыстық «Ақ жол» № 12-14 және «Знамя труда» № 14-15 газеттерінде жарияланған). 3. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2011 жылғы 15 наурыздағы № 32- 6 шешіміне 1 қосымша
Тараз қаласындағы аймақтардың шекаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|