Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 311-ө бұйрығымен бекітілген
Еңбек нормаларды тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Осы еңбек нормаларды тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) өндірістің үлгісі және еңбекті ұйымдастыру нысанына байланысты еңбек нормаларының әр түрін тексеру, оларды аттестаттау және ауыстыру мәселелері қарастырылады. Әдістемелік ұсынымдар салааралық сипатта болады және қажет болғанда экономиканың жекелеген салаларында осы жұмыстарды жүргізудің ерекшеліктерін есепке ала отырып тиісті салалық ұсынымдарды әзірлеу үшін негіз ретінде қызмет етуі мүмкін. Ұйым қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
Техниканың, технологияның, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды дамытудың заманауи деңгейіне тиісті еңбекті нормалау өндірістік қуатты оңтайлы пайдалану, еңбек әлеуеті мен еңбек өнімділігін өсіру резервтері сияқты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады. Еңбекті нормалаудың прогрессивті деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда нормаларды тексеру, оларды аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жоспарлы және жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Осы әдістемелік ұсынымдарда жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі жұмыстың (бұдан әрі - жұмыс орындарын аттестаттау) құрамдас бөлігі болып табылатын қолданыстағы еңбек нормаларын тексеру және аттестаттау, оларды қайта қарау және кейіннен ауыстыру жөніндегі жұмыстардың мазмұны баяндалады. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты - жұмыс орындарында жоспарлы аттестаттауды жүргізу процесінде де, ұйымдардағы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа шарттарын енгізуге дайындық кезеңінде де аталған жұмыстарды орындаудың жалпы әдістемелік тәсілдерін әзірлеу.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 16000 тг
|