Тауарлы балық өсіруді (акваөсіруді) дамыту мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы (2011.25.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 6-2/314 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарлы балық өсіруді (акваөсіруді) дамыту бөлігінде ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу жөнінде жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2011 жылдың 1 мамырына дейін ағымдағы ахуалға талдауды есепке ала отырып: 1) қазіргі заманғы тауарлы балық өсіруді дамытуға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) тоғандық және индустриалдық жағдайларда бағалы балық түрлерін өсіру технологияларын пысықтау; 3) табиғи су айдындары мен тауарлы-көл шаруашылықтарының жағдайларында жайылымдық акваөсіруді дамыту; 4) балық өсіру объектілері үшін сапалы құрамажемдер мен басқа да жемдердің өндірісін дамыту; 5) балық өсірудегі тоғандық және индустриалдық процестерді механизациялау құралдарының өндірісін дамыту; 6) асыл тұқымды-селекциялық жұмыстарды дамыту мен тоғандық және индустриалдық балық шаруашылығын ғылыммен қамтамасыз ету бағыттарын қамтитын тауарлы балық өсіруді (акваөсіруді) дамыту бойынша Шебер жоспарын әзірлесін. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.11.07. № 16-02/389 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Жұмыс тобы Шебер-жоспарды әзірлену барысы туралы ақпаратты әр айдың 15-ші және 30-шы күндерінен кешіктірмей ұсынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|