Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 481 қаулысымен мақұлданды
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы 63/260 қарарында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және элеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құруды бекітуге қаулы қабылдағанын ескере отырып, Комиссия мүше мемлекеттермен консультациялардың тұтастай қамтитын процесінен кейін өзінің 2009 жылғы 30 қарашадағы хатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Алматыда АТМЭӘК-тің Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құру ұсынысын қабылдағандықтан, Қазақстан Республикасының Үкіметі Субөңірлік бөлімше өзінің функцияларын орындай алуы және онымен байланысты кез келген қызметті жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етуге келіскендіктен, Қазақстан Республикасында АТМЭӘК-тің Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құру мақсатында келісім жасасуға тілек білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсатында мынадай анықтамалар қолданылады: а) «Бөлімше» Алматы қаласындағы АТМЭӘК-тің Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін білдіреді; b) «Үкімет» Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіреді; с) «құзыретті органдар» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биліктің орталық, жергілікті және басқа да құзыретті органдарын білдіреді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|