Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы (2003.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 6 нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 6 нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұрынғы ред. қара) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыс жасаған адамның жәбiрленушімен татуласуына байланысты ҚК-нiң 67-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөніндегi сот тәжiрибесiнiң қорытындыларын талқылап, соттардың аталған заңның нормаларын бiрыңғай қолдануы мақсатында төмендегiдей түсiндiрме беру жөнiнде қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 6 нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 1. Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушiнiң қылмыстық процестегі рөлi мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге жәрдемдеседi, сонымен бiрге кiшiгірiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасаған, соңынан жәбiрленушiмен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң тәртiбiмен танылған адамдарға адамгершiлiкпен қарауға бағытталған. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға және жәбірленушіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК-нің) 67-бабына сәйкес татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсіндіруге міндетті. ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.03 ж. № 6 нормативтік қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|