Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы
Осы редакция 2011 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Конституцияға сәйкес келетін Республиканың халықаралық шарттары және өзге міндеттемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін соттың қорғауын қамтамасыз етуде халықаралық шарттардың маңызды рөлі бар, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын дұрыс және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Республика таныған халықаралық құқық нормаларымен бекітілген адамның және азаматтың құқығы мен бостандығы танылады және кепілдендіріледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағына сәйкес, өзінің құқықтары мен бостандықтарын соттың қорғауына әркімнің құқығы бар. Қазақстан Республикасы өзінің аумағында және юрисдикциясында болатын барлық тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын Конституцияға және қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес қамтамасыз етуді міндетіне алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|