2011 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы (2011.11.08. берілген өзгерістермен)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес және «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден арнаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес субсидиялауға жататын бірінші, екінші, үшінші репродукциялы тұқымдарды сатудың 2011 жылға арналған шекті бағалары белгіленсін. 2. Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның қалалар және аудандар бойынша 2011 жылға арналған көлемі осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның 2011 жылға арналған мөлшері осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 67 қаулысына 1 қосымша
Субсидиялауға жататын бірінші, екінші, үшінші репродукциялы тұқымдарды сатудың 2011 жылға арналған шекті бағалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|