«Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1055 бұйрығымен күші жойылды
2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін. 2. Табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров. Ж. Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 14-1/245 бұйрығымен бекітілген
«Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) зоологиялық коллекция - ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныстық клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, жануарлар дүниесі объектілерінің, оның ішінде хайуанаттар парктері, хайуанаттар бақтары, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдар, океанариумдар жабайы жануарларының жинағы; 2) мемлекеттік қызмет - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға зоологиялық коллекцияларды жинау және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беруі; 3) тұтынушы - мемлекеттік қызмет алуға құжаттар ұсынған жеке немесе заңды тұлға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|