Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 14 маусымдағы № 02-01-02/106 бұйрығымен бекітілген
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
1. Жалпы ережелер
1. Осы орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі - Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленген. 2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарындағы персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған. 3. Персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) жүзеге асырылады. Агенттікке қатысты персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен іске асырылады. Агенттікте орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптама комиссиясының кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы құрылады (бұдан әрі - Жұмыс тобы). Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі. Жұмыс тобы барлық дереккөздерден алынатын мәліметтерді олардың дұрыстығын анықтау мақсатымен талдайды. Талдау барысында Агенттік жүргізген тексерістердің нәтижелері қолданылуы мүмкін. 4. Персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге сәйкес (бұдан әрі - Кесте) есеп беру (күнтізбелік) жылының қорытындылары бойынша жыл сайын іске асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|