ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысымен бекітілген
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік атестаттау»
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы стандартна 1-қосымшада көрсетілген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - ЖАО) ұсынылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 3) тармақшасы және «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі — стандарт) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ЖАО интернет-ресурсында, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету орнында ілінген стендтерде орналастырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|