Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегі жалпы кедендік үдерістер
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 30 Қаулысымен бекітілді
Бүдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері, 2001 жылғы 19 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарлар мен көлік құралдарын өткізу туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы хаттаманы, 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің қызметінде ақпараттық технологияларды қолдануға бірыңғай тәсілдер туралы келісімді және 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылының бірыңғай қағидаттары туралы келісімді басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде жалпы кедендік үдерістерді бақылау кезінде автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жеделдету мен жеңілдету үшін жағдайлар жасау мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: электрондық хабарлама - ақпараттық-телекоммуникациялық желі пайдаланыла отырып берілген немесе алынған ақпарат; ақпарат - ұсынылу нысанына қарамастан, адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және үдерістер туралы мәліметтер; ақпараттың құпиялығы - белгілі ақпаратқа қол жеткізуді алған тұлғаның мұндай ақпаратты оның иесінің келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеу және осы ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ету талабын орындау үшін міндетті талап. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|