ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 239 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» (2013.04.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.04.02. № 84 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 13 Б кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті және Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 18 В кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасы, «Ауыл шаруашылық өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысы және «Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті керсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Комитеттің www.intellkaz.kz интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz. интернет-ресурсында орналасады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|