Осы редакция 2011 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (100.00-нысан) қосымша
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына «бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны мыналарды: мемлекеттік мекемелерді; Енгізу туралы Заңның 23-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын; Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды; Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды; 110.00 немесе 150.00.-нысан бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (Декларацияны) толтыратын, жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.19-ге дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|