Осы редакция 2011 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (140.00-нысан) қосымша
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жасайды. 2. Декларация осы Декларацияның өзінен (140.00 нысаны) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Осы Ережеде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 6. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 7. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады. 9. Декларацияны тапсырған кезде: 1) келу тәртібінде қағаз тасығышта - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|