Осы редакция 2011 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген
Табыс етілгеннен кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдері сомаларының есебіне (101.01-нысан) және табыс етілгеннен кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдері сомаларының есебіне (101.02-нысан) қосымша
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі - Еңгізу туралы заңы) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге орналған, Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының есебiн және Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының есебiн (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есептерді корпорациялық салық төлеушілер (бұдан әрі - КСТ) Салық кодексінің 141-бабына сәйкес жасайды. 2. Есептерді декларацияны тапсырғанға дейін және декларацияны тапсырғаннан кейін толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Осы Есепке қосымшада мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|