Өсімдік шаруашылығы өңімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 77/4 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 2, 6, 66-тармақтарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Субсидиялардың нормалары және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі 1, 2-қосымшаларға сәйкес белгіленсін. 2. Мыналарға: 3-қосымшаға сәйкес өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына); 4-қосымшаға сәйкес тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына); 5-қосымшаға сәйкес гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) субсидиялардың түрлері және нормативтері белгіленсін. 3. Қалалар мен аудандар әкімдері субсидиялардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді. 5. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Ш. Көбеновке жүктелсін.
Келісілді: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков 2011 жылғы 26 cәуір
2011 жылғы 5 мамырдағы № 79/3 қаулысына 1-қосымша
Павлодар облысының басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидия нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|