«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою, не оларды алып қоюсыз міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде: мынадай мазмұндағы 22, 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын: «22. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша олардың тапсырылуы туралы акт жасайды. 23. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|