Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түсіндірме беру туралы
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Құрамында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А.Ким және Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.И.Акуев, О.Қ.Ихсанов, В.В.Мамонов, С.Н.Сәбікенов, С.Ғ.Темірболатов, В.Д.Шопин, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкілі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Р.Қ.Тоқсейітовтің; Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің өкілі, депутат И.К.Елекеевтің; экономика ғылымдарының докторы - маман В.Д.Мельниковтың қатысумен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4-тармақшасын және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ашық отырыста Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.М.Қажыгелдиннің Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түрде түсіндірме беру жөніндегі өтінішін қарады. Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.И.Акуевтің хабарламасын, өтініш субъектісі мен Парламент Мәжілісі өкілдерінің түсініктемесін, маман В.Д.Мельниковтың қорытынды пікірін тыңдай келіп, қолда бар жадығаттарды оқып-зерттей келіп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мыналарды анықтады: 1996 жылғы қарашаның 26-сында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.М.Қажыгелдиннің Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түсіндірме беру жөніндегі өтініші келіп түсті. Өтініште республикалық бюджет және республикалық бюджетті орындау жөніндегі есеп бір жылдық мерзім дегенді білдіреді деп түсінуге бола ма деген мәселе қойылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|