Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында: 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджеттік субсидиялар тауар өндірушілерге: 1) сиыр етін, шошқа етін, бройлерлік құс еті мен күрке тауық етін (бұдан әрі - құс еті), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрі - тағамдық жұмыртқа) өндіру үшін пайдаланылатын құрама жемнің және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрі - маңыздандырылған азық) құнын ішінара (45%-ға дейін) арзандатуға, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнін (бұдан әрі - биязы жүн), қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндірушілерге сиыр еті, шошқа еті, сүт, қой еті, жылқы еті және биязы жүннің есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсіпорындарына (бұдан әрі - қайта өңдеу кәсіпорындары), сою алаңдарына (пункттеріне) немесе қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін пайдалану шартымен еркін нарықта, ал құс еті, тағамдық жұмыртқа, қымыз және шұбаттың облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен квоталар шегінде еркін нарықта сатылған іс жүзіндегі көлеміне төленеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|