Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 қаулысымен бекітілді
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшаға сәйкес әзірленді. 2. Қағида сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: 1) үлгі сертификатын ұстаушы - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алған өтініш беруші (әзірлеуші); 2) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға; 3) дайындаушы - әуе кемесін шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға. 4) өтінім - өтініш берушінің әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш; 5) өтініш беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|